
📌 Елжас Ертайұлының қатысуымен семинар өтті«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында.Семинар барысында әкенің бала тәрбиесіндегі маңызы, отбасындағы жауапкершілігі, бала мінезінің қалыптасуына, тұлғалық дамуына және өмірлік құндылықтарының орнығуына тигізетін ықпалы жан-жақты қарастырылды.
Спикер әкенің тәрбиедегі рөлі ананың рөлімен тең дәрежеде екенін, әке мейірімі мен қолдауы баланың өзіне деген сенімін арттыратынын атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тәрбиелік мәні зор нақты кеңестер алды. Семинар мазмұнды, пайдалы және ой салатын форматта өтті.
Осындай өзекті тақырыпты қозғап, құнды ақпараттарымен бөліскені үшін Елжас Ертайұлына алғыс білдіреміз, ал ата-аналар мен қатысушыларға белсенділігі мен кері байланысы үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
👨👩👧👦 Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі — болашақ ұрпақтың берік іргетасы.